«Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер министрлігі, комитеттер, Ішкі әскер мен Қылмыстық-атқару жүйесінің жеке құрамы 1-2-желтоқсан күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді», - деп сәрсенбі күні министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.