Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.
«Кезектен тыс аттестация біздің жүйені жақсылап бір сілкіп алды деуге болады және белгілі бір деңгейде кадрлық масылдықтан тазаруға көмектесті. Бұдан былай құқық қорғау органдары қызметкерлері тұрақты түрде әр үш жыл сайын аттестациядан өткізіліп отырмақ», - деді ол бейсенбі күні ТМД мемлекеттері полициясының кадрлық аппарат жетекшілерінің жиынында.
«Бұл ішкі істер қатарын біліктілігі төмен қызметкерлерінен тазартып, органдардың кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін тиімді тетік», - деді Е.Тұрғымбаев.
«Аттестацияға 75 мыңнан астам қызметкер қатысты (...). Аттестация нәтижесі бойынша қызметкерлердің 85 пайызы қызметіне лайықты деп танылды, қалғанын қызметтен босату, лауазымын төмендету немесе басқа жұмысқа ауыстыру туралы ұсыныс жасалды», - деді вице-министр.