Caravan Logo

Қазақстандық Pro Team Astana командасының шабандозы «Австрия Турында» жеңіске жетті

Қазақстандық Pro Team Astana командасының шабандозы «Австрия Турында» жеңіске жетті

«Австрияда жоғары санаттағы еуропалық күнтізбенің дәстүрлі веложарысы «Аустрия Туры» аяқталды. Бас классификацияда «Pro Team Astana» командасының шабандозы швед Фредрик Кессяакофф жеңіске жетті», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Бас классификациядағы жеңісінен бұрын Ф.Кессяакофф 7-ші кезеңде лидердің сары жейдесін киіп, осы жайт оны шабыттандырғанын айтқан болатын. «Менің атам дүниеге келген Венаға тезірек жетуді тағатсыздана күтіп жүрмін», - деген болатын ол.