Қазақстандық құқық қорғаушы дүниежүзінде демократия емес, екіжүзділіктің үстемдік құрып отырғанын мәлімдеді

"Дүниежүзінде демократия емес, екіжүзділікке негізделген қос стандарт белең алған",- деді Е.Жовтис. "Тіпті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өзі демократиялық стандарттарды енгізуге күшке ие",- деді құқық қорғаушы.

"Демократиялық идеалдарды ілгерілету: еуропалық жол" атты бас қосуға құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, Еуропа, АҚШ, Азия, Африка, Таяу Шығыс, Латын Америкасы мен ТМД елдерінің саясаткерлері қатысты.

Конференцияның жұмысы бүгін де жалғасады. Талқылау барысында демократиялық қоғам құруға қатысты өз көзқарастарын Еуропалық Одақтың сыртқы саясат және тату көршілестік саясат жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер мен Либералдар мен демократтардың Еуропа үшін Альянсының (ALDE) төрағасы , Еуропалық парламент мүшесі Грэхам Уотсон да ортаға салады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті