Қазақстандық Қытайға аю табандарын өткізбек болған

ШҚО Мақаншы шекара жасағының «Бахты авто» өткізу бекетінің жасағы сирек кездесетін және жойылу қаупі төніп тұрған жануарларға қатысты заңсыз әрекеттері үшін 45 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. 

Ол Қазақстаннан Қытайға жаяу  өтпек болған. Қолындағы сөмкені тінту кезінде аю табандары табылды.  


Ұстау фактісі бойынша құқық қорғау қорғау органдарына хабар берілді.