Қазақстандық қыздар бокстан әлем чемпионатында 12 медальді жеңіп алды

12 медаль жеңіп алған Қазақстан жалпы есепте екінші орында тұр. Ал, жартылай финалға 7 жасөспірім мен жастар командасынан 5 спортшы қыз шықты.

Бұл туралы Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

15 медальді жеңіп алған Ресей   ғана Қазақстаннан озып келеді, бізден кейінгі орында 8 жүлде алған АҚШ, әрқайсысының 6 жүлдесі бар Қытай, Үндістан, Түркия, Украина елдері, 4 медальді еншілеген Қытайлық Тайбэй мен Ирландия бар. Италия, Моңғолия, Польша - 3 медаль жеңіп алса, КХДР, Венгрия, Тайланд - 2 жүлде, Әзербайжан, Доминикан, Ұлыбритания, Франция, Германия, Грекия, Оңтүстік Корея, Косово, Швеция және Вьетнамның қанжығасында бір-бір медальдан бар.

Чемпионаттан хабар тарататын спорт тілшілері 2015 жылы Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы чемпионы атанған Жазира Орақбаеваның (46 келі) Болгарияның үш дүркін чемпионы, 2014 жылы Еуропа құрлықтық чемпионатының жүлдегері Эми-Мари Тодорованы 2:1 есебімен тізе бүктірген жекпе-жегін 5-ші күннің тосынсыйы деп атады.