Қазақстандық қыздар Халықаралық гандбол федерациясының құрлықаралық ауыспалы трофей жүлдесінде 2-орын алды


Ақтық сында Қазақстан мен Финляндия спортшылары кездесті. Онда 25:24 есебімен фин қыздарының мерейі үстем шықты. Бұған дейін Конго мен Куба құрамасын қапы қалдырған қазақстандықтар 3-турда да Финляндия құрамасына 26:34 есебімен есе жіберген еді. Үшінші орын үшін болған мачта Куба мен Конго қол добы шеберлері кездесіп, 32:27 есебімен конголықтар басым түсті. Олар 3-турда кубалықтарды 41:23 есебімен ойсырата ұтқан болатын.