Қазақстандық режиссер: Біз отарланған комплексі бар ұлт болғандықтан, “Большой браттар” назар аударғанда ғана, өзімізді танимыз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист топ мүшелерімен бірге Алматы облысындағы Көлсайда, Қайындыда және Шарын шатқалында болды.

Дудь сондай-ақ, топқа бейнебаян түсіріп жүрген Қуаныш Бейсековтен де сұхбат алды.

Режиссер Қазақстандықтардың шетелде танылып, кейін Қазақстанда не себепті танылатынын түсіндіріп берді.

“Біз көп уақыт отарланған комплексі бар ұлт болғандықтан, Ресей, Қытай немесе басқа да елдер сияқты “Большой браттар” назар аударғанда ғана өзімізді танимыз”, - дейді сұхбатта Қуаныш Бейсеков.

Режиссер сұхбат барысында адамнан емес, Құдайдан қорқатынын айтты.


“Бізде адамдар Құдайдан емес адамнан қорқады. Негізі адам адамнан емес, Құдайдан қорқуы керек. Мен адамнан қорықпаймын. Құдайдан қорқамын”,- дейді Бейсеков.