Қазақстандық режиссердің фильмі Канн фестивалінде көрсетіледі

Жас кинорежиссер Санжар Бекжановтың «Бір қадам алға» (Step Forward) фильмі 2016 жылдың 11-22 мамыр күндері аралығында Францияда өтетін 69-шы Канн фестиваліне қатысу үшін іріктелді. Ол қысқа метражды фильм бағдарламасында (Short Film Corner) көрсетіледі.

Картинаны жасаушылардың атап өтуінше, бас кейіпкердің алдында жаңашылдыққа бастар қадам алдындағы қорыныш пен әуесқойлық, әлденені білуге деген құмарлық арасында таңдау тұрады. Картина өз көрерменімен музыка, қозғалыс, ым, түсініксіз тұспалдардың ерекше тілімен сөйлеседі.

Фильмді түсіру жұмыстары Лос-Анджелесте (Калифорния) өтті. Фильмнің продюсері - режиссер-сценарийші, Калифорния Университетінде жазушылар тобының мүшесі Дәурен Қамшыбаев. 


69-шы Канн халықаралық фестивалі 2016 жылдың 11-22 мамыр күндері аралығында Францияның Канны қаласында өтеді.