Қазақстандық «Риэлтор» фильмі Барнаулда өтетін халықаралық фестивальге қатысады

Фестивальдің мақсаты - Ресей мен алыс-жақын шетелдердегі орыс тілді кинематографистерді тәуелсіз әрі коммерциялық емес кино өнеріне тарту болып табылады, делінген хабарламада.

Фестиваль «Барлық елдердің авангардшылары,бірігіңдер!» деген ұранмен өтпек.
«Риэлтор» бұған дейін де Ресейде өткен «Киношок-2011», «Дебоширфильм - Чистые грезы-XIV» фестивальдеріне қатысып, әділқазылардың арнайы жүлделерін иеленген болатын.