Қазақстандық саяхатшы Замбиядағы биіктігі 175 метрлік сарқырамадан секірді

байкер Дмитрий Петрухин Замбиядағы Виктория сарқырамасынан секірді.

57 жастағы саяхатшы арқасына Қазақстанның мемлекеттік жалауын іліп, 175 метрлік биіктіктен секірді.

«Тарихта жалаумен бірге сарқырамадан секірген тұңғыш адам – Қазақстан азаматы болып отыр. Мен мұны ЕХРО көрмесін және өз отанымды жұртшылыққа таныту үшін жасадым», - деді ол сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне.

Д.Петрухин бұл сәтті ұялы телефонның камерасына түсіріп те үлгерген көрінеді.


Африка құрлығында мотосеруен шеңберінде Д.Петрухин Замбияның PROEXPORT сауда-өнеркәсіп палатысы департаментінің директоры Виктория Линингспен және осы елдің Спорт вице-министрі Омбени Ниянгемен кездесті.