Қазақстандық сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді

Оқиға Алматыдан 849 шақырым жерде болған, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 11 ақпанда Алматы уақыты бойынша 06:37:07 жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 849 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV - 5.3. Тереңдігі – 30 шақырымда.

Қазақстан аумағында қалай сезілгені туралы мәлімет жоқ.