2011 жылдың 19-25 қазаны аралығында бірінші ташкенттік Алтын гепард» халықаралық кинофестивалі өтеді. Оны Форум қоры мен «Өзбеккино» ұлттық агенттігі ұйымдастырып отыр.
Ташкенттің халықаралық кинофорумына қатысуға Еуропа, Азия, Африка, Оңтүстік және Солтүстік Американың 45-тен астам елінен өтініш түсті. «Үздік толық метражды фильм үшін» номинациясындағы іріктеуден кейін қазақстандық «Секер» фильмі ұсынылатын болады.