Қазақстандық Сергей Филимонов ХХҮІІІ Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды

77 килограмдық салмақ категориясында додаға түскен Қазақстандық спортшы түрік атлеті Танер Сагирді ғана алға жіберіп алды. Қола жүлдені Ресейлік Олег Перепеченов қоржынға салды.

Сөйтіп, С.Филимонов еліміздің олимпиада құрамасының марапат қоржынына алғашқы медальді жеңіп алды.
Ал бүгін тағы да осы ауыр атлетикадан Татьяна Хромова жүлде үшін сайысқа түседі. Қазақстандық боксшылар да алдын-ала іріктеу сайыстарына қатысуда. 24-тамызда олимпиада жүлдесінен үміткер палуандар арасындағы сайыстар басталады.