Қазақстандық шайбалы хоккейшілер Әлем чемпионатын сәтсіз бастады

Андрей Шаянов жаттықтыратын қазақстандықтар француздарға 3:6 есебімен есе жіберді.

4 мамыр күні жалауын көтерген бұл дүбірлі додада 5 мамырдағы алғашқы турда Швейцария құрамына 1:5 боп ұтылған болатын. Финляндияның «Хельсинки» қаласындағы бұл бәсекеде олардың «А» тобындағы келесі қарсыластары АҚШ, Словакия, Беларус, Финляндия, Канада құрамалары болмақ. Бұған дейін алғашқы турда американдықтар француздарды 7:2, канадалықтар словакиялықтарды 3:2, ал финдер беларустарды 1:0 есебімен ұтқан еді.

Бұл чемпионат 20 мамырға дейін созылмақ. Онда биыл алғашқы және іріктеу кезеңдері біріктіріліп, ынталандыру кезеңі жойылды. Бұрын алғашқы кезеңде 16 команда 4 топқа бөлінетін. Енді өз тобында алғашқы төрттіктің қатарынан орын алғандар ширек финалға өтіп, соңғы орын алғандар алдағы жылы Бірінші дивизионда өнер көрсететін болады.