Қазақстандық шаңғышы Сергей Ткаченко Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиада-2017 ойындарының тағы бір медалін қоржынға салды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол қола медаль жеңіп алды.
Ткаченко трамплиннен секіруден 238,0 нәтижесін көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл жарыста алтын медальді жапон спортшысы Юкия Сато (254.0) алса, күміс медаль оның отандасы Юкен Ивасқа (251.0). бұйырды.
Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасының бірінші матчын тікелей эфирде
мына жерден көре аласыздар.