Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Астананың халықаралық әуежайында Алматы - Астана - Санкт-Петербург рейсінің жолаушысы ұсталған. "Қазақстанның азаматы елден декларацияда көрсетілмеген 50 мың евро көлеміндегі валютаны әкетпек болған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, "Майқапшағай" шекара бақылау бөлімшесінің шекарашылары Қазақстан-Қытай шекарасында Қытай Халық Республикасына бет алған Қазақстан азаматын ұстады. "Еркектен жеке заттарын тексеру барысында 40 мың АҚШ доллары көлеміндегі контрабандалық ақша тәркіленді",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті