"Теміржол ауылы" шекара бақылау бөлімшесінде шекара бақылауын жүргізу барысында шекарашылар Алматы - Жаңасібір бағытындағы №302 поездің вагонынан жапсырғышпен оралған екі дорба тапқан",- деп хабарлады Шекара қызметінен. Белгілі болғандай, дорбаларда жалпы салмағы 2 кг 400 г құрайтын героин болған.
Аталмыш дерек бойынша Қазақстанның үш азаматы мен вагонның жолсеріктері - Қырғызстан және өзбекстан азаматтары ұсталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті