Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қордай" өткізу бекетінде шекарашылар көлік құралдарын тексеру барысында Қазақстаннан Қырғызстанға "Кадиллак Эскалада" автокөлігімен бет алған екі Қазақстан азаматын ұстады.
"Тексеру барысында автокөліктің орындықтары мен жүк салатын бөлімінен екі оқшантайы мен 4 оғы бар ТТ маркалы тапанша мен 4 оғы бар ОСА тапаншасы, сондай-ақ, декларацияда көрсетілмеген 18 500 АҚШ доллары мен 41 мың теңге табылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.