Қазақстандық шекарашылар бір апта ішінде 235 заң бұзушыны ұстаған

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шекарашылар наряды 13-қазанда "Ынтымақ" шекара күзеті аумағынан Қазақстан азаматын құрықтаған, ол Қазақстан Республикасынан Өзбекстанға өткізу пунктінен тыс жерден УАЗ көлігімен 400 кг ұн алып бара жатқан.

Ал, кеше "Көгершін" күзетінің шекарашылары Қазақстаннан Қырғызстанға контрабандалық жолмен 500 кг ұн шығармақ болған көршілес республиканың екі азаматын ұстаған, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті