Қазақстандық шекарашылар Бішкек-Новокузнецк бағытындағы отарбаның екі әйел жолаушысынан 3,2 килограмм героин тәркіледі

"№14 поездың вагондарындағы жүктерді тексерген кезде Тараз шекара отрядының жасағы түрлі купелерде келе жатқан екі әйелден героин тауып тәркіледі". Әйелдер есірткіні қос түбі бар сөмкеге жасырыпты. Героиннің жалпы салмағы 3 килограмм 248 грамм.

Қырғызстан азаматшалары болып табылатын екі әйел есірткі контрабандасы үшін ұсталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті