Қазақстандық шекарашылар дизельдік отын мен ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті



Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Сыпатай батыр" күзетінің шекарашылары мемлекеттік шекара сызығына жақын жерден жүк көлігімен шекара аспақ болған Қырғызстандық әйелді ұстаған. "Шекара бұзушы Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасына 4,4 тонна дизель отынын алып өтпек болған",- деп түсіндірді баспасөз қызметінедегілер.

Сонымен қатар, шекарашылардың мәліметтеріне сүйенсек, "Қордай" өткізу бөлімінде көлігін тексеру барысында Қазақстан азаматы ұсталған. "Ұсталған азамат Қырғызстанға кетіп бара жатқан "БМВ" көлігінің ішінен декларацияда көрсетілмеген 150 мың АҚШ доллар көлеміндегі қаржы табылған", деп қосты баспасөз қызметіндегілер.