Қазақстандық шекарашылар екі тонна бекіре тұқымдас балықтарды контрабандалық жолмен шығаруға жасалған әрекеттің жолын кесті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Батыс Қазақстан облысында "Орал" шекара заставасының шекарашылары Қазақстан мен Ресей азаматын мемлекеттік шекараны айналып өтпек болған жерінен құрықтады. "Олар ГАЗ-3102 автокөлігімен Қазақстаннан Ресейге бет алған. Автокөлікті тексеру барысында шекарашылар 2 тонна бекіре тұқымдас балық пен 500 килограмм басқа да балық түрлерін тапты",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерекке қатысты іс "Орал" кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті