Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Мерке темір жолы" шекаралық бақылау бөлімінде шекарашылар жасағы контрабандалық тауарларды алып өткені үшін Қазақстан азаматын ұстаған. "Әйел Қытайдан Қазақстанға халықаралық бағытты автобуспен келе жатқан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Көлік пен жүктерді тексеру барысында оның заттарының арасынан шекарашылар 10 924 дана ондатр терісін тапты".
Сонымен бірге, "Атакент" шекара заставасы маңында қазақ-өзбек шекарасын "ГАЗ-53" жүк көлігімен бұзып республика аумағына заңсыз кірген екі қазақстандық ұсталды. "Ұсталған көліктің ішінен шекарашылар салмағы 2 тоннадан асатын контрабандалық көкөніс тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Шекарашылардың хабарлауынша, өткен тәуліктерде көршілес шекаралық заставалар аумағында осындай жағдайда тағы да үш қазақстандық пен екі өзбекстандық ұсталған. Олар автокөлікпен 4 тоннадан астам контрабандалық көкөніс әкеле жатқан. "Ұсталған шекара бұзушыларда қажетті құжаттары болмаған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті