Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысында "Айша бибі" шекаралық бақылау бөлімінде көлік құралдары мен жүктерді тексеру барысында Ош-Новосибирск бағытында жол тартқан "Мерседес Бенц" шағын автобусының жолаушысы ұсталды. Қырғызстан азаматының жүктерін тексерген кезде оның сөмкесінің қосалқы түбінен ірі көлемде есірткі партиясы табылды. "Жалпы салмағы 3 килограмм героин тәркіленді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Павлодар облысында "Өрлі төбе" бақылау бекетінде көлік құралдарын тексеру барысында Павлодардан Омбыға бет алған бағытты автобуспен келе жатқан Қазақстан азаматы ұсталды. "Оны ұстауға себеп - 100 мың ресей рублі көлеміндегі валютаны декларацияда көрсетпеу болып табылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті