"Шұғыл мәліметке сәйкес, "Сарыағаш" шекаралық өткелі маңында Қазақстаннан шекаралық бекетті айналып өтіп Өзбекстанға бет алған әйел ұсталды", - деп хабарлайды баспасөз орталығындағылар.
Шекарашылардың ақпаратына сәйкес, тексеру барысында одан басқа адамдарға тиесілі үш төлқұжат пен $34 мың және 160 мың теңге көлеміндегі контрабандалық ақша табылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті