Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтау әуежайында, "Ақтау-авиа" өткізу бекетінде шекарашылар Ақтау-Баку бағытындағы рейспен ұшуға келген Қазақстан азаматын ұстады. "Тексеру кезінде оның заттарының арасынан декларацияда көрсетілмеген 26 970 АҚШ доллары мен 8270 Ресей рублі шықты",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Шекарашылар істі "Ақтау-авиа" кеден бекетінің қызметкерлеріне берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті