«Семсер» кемесінің экипажы теңізде мемлекеттік шекараны өткізу бекетінен тыс жерден кесіп өткен «байда» қайығын байқап қалған.
«Заң бұзушылар қашып құтыла алмады. «Ямаха-200» қозғалтқышы салынған қайықтағы бес адам Жанбай ауылының тұрғындары екен. Олардың қолында жеке басынан куәландыратын құжат пен қайықтың құжаттары жоқ болып шықты», - делінген хабарламада.