Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Маңғыстау облысында "Қаражанбас" шекара заставасы аумағында шекарашылар жасағы бір Өзбекстан, екі Әзербайжан азаматын ұстады. "Ұсталғандар УАЗ автокөлігімен мемлекеттеік шекарадан өткелекті айналып өткен",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Шекарашылардың мәліметінше, ұсталғандар Қазақстан аумағына Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде заңсыз аң және балық аулау үшін келген.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тексере келген кезде шекара бұзушылардың автокөлігінің кузовынан шекарашылар 16-шы калибрлі мылтық, оның 174 оғы, "Ямаха-200" атты 4 мотор, "Прогресс" қайығы, балық аулайтын аулар, 3 аңшы пышағын тапты. "Ұсталғандар ешбір құжат көрсете алмады. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде", деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті