Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шекара маңындағы Сарыағаш шекара отрядның "Дархан" күзет учаскесінде 5 тоннадан астам контрабандалық қара металл тиеген "КамАЗ" жүк көлігі ұсталған. Көлік иесі шекарашыларды көре салысымен Өзбекстан аумағында бой тасалады.
Шекарашылардың хабарлауынша, "Қарқара" шекаралық бақылау бөлімінде Қырғызстан Республикасынан Қазақстанға бет алған Қырғызстанның үш азаматы құрықталды. Тінту барысында ұсталғандардың біреуінің белдігінен жалпы салмағы шамамен 2 кг құрайтын гашиш табылды.
Сонымен қатар, "Сыпатай-батыр" (Тараз маңындағы) заставасының шекарашылары мемлекеттік шекара маңынан салмағы 6 кг 600 грамм марихуана салынған сөмке жасырылған құпия орын тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті