Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматтарынан ірі көлемде контрабандалық ақша мен есірткі тәркіледі

Баспасөз ықзметінің ақпаратына сәйкес, қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы-авто" шекаралық бақылау бөлімшесінде шекарашылар жасағы Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған екі Өзбекстан азаматын ұстады. "Олардың бірінен тексеру барысында 5 грамм героин салынған дорба табылса, екіншісі өз денесіне 17 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны жапсырып алған екен",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ұсталғандар құжаттарын рәсімдеуден кейін Сарыағаш қалалық қаржы полициясына табысталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті