Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматын 1 килограмм героинмен ұстады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Атамекен" өткізу бекетінде, Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Сарыағаш" дербес бақылау-өткізу бөлімінде шекарашылар көлік құралдарын тексеру барысында "ВАЗ-2106" автокөлігімен шекарадан өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады. "Иісшіл иттің көмегімен жүргізушінің орындығының астынан жалпы салмағы 1 килограмм болатын героин салынған дорба табылып тәркіленді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті