Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2-қыркүйекте "Атакент" күзет аумағында контрабандалық жүк өткізбек болған үш деректің жолы кесілген. Атап айтқанда, "шекара сызығынан он метр жерде 4 тонна картоп тиелген екі "ГАЗель" көлігімен Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған екі елдің азаматтары ұсталды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, шекарашылар бір тоннадан астам жеміс-жидек пен көкөніс артқан "МАН" көлігін ұстаған. "Осы күні сондай-ақ Өзбекстаннан біздің елімізге 3 тоннадан астам жеміс-жидек пен көкөністер алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.