Қазақстандық шекарашылар Қырғызстанға 13 тонна жанармай шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті



Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараздағы "Жасыл-төбе" заставасының шекарашылары шекара сызығынан 100 метр жерде Қазақстан және Қырғызстан азаматтарын ұстады. "Ұсталғандар 13 тонна АИ-80 маркалы жанармай тиелген екі "ЗИЛ-131" көлігімен Қазақстаннан Қырғызстанға бет алған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шекарашылардың мәліметінше, іс пен жүк "Қордай" кеден бекетінің қызметкерлеріне өткерілді.