Баспасөз қызметінің ақпартына сәйкес, "Қарасу" шекаралық бақылау бөлімінде қазақ-қырғыз шекарасы арқылы контрабандалық жолмен валюта енгізбек болған Қырғызстан азаматын ұстады. "Көлік пен жолаушының жеке заттарын тексеру барысында шекарашылар жасағы ұсталғаннан денесіне скотчпен жапсырылған 1 килограмнан астам героин салынған дорбаны тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге "Мерке темір жол" бекетінде Бішкек пен - Екатеринбург арасында қатынайтын №305 поезбен келе жатқан қырғызстандық әйел ұсталды. "Оның заттарының арасынан шекарашылар 470 грамм героин салынған дорба тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті