Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қорғас" бақылау-өткізу бекетінде көлік құралдарын тексеру барысында шекарашылар контрабандалық жолмен тасымалданған 5,5 тоннадан астам етті тапты. "Тиісті құжаттары жоқ және тиісті жағдайда сақталмаған жүкті екі ҚХР азаматы Құлжа мен Алматы арасында қатынайтын бағытты автобуспен Қытайдан Қазақстанға алып өтуге талпынған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті