Қазақстандық шекарашылар Қытайға контрабандалық жолмен валюта мен зергерлік бұйымдардың әкетілуіне тойтарыс берді


деп хабарлады республика ҰҚК Шекаралық қызметінің баспасөз қызметінен.
“Қорғас” өткізу пунктінде наряд ҚХР азаматшасын ұстады, одан декларацияланбаған 10,3 мың доллар мен 600 қытайлық юань тәркіленген, ол Қазақстаннан Қытайға қарай бара жатқан еді.
Сонымен қатар "Бақты" пунктінде шекарашылар Қазақстанның 33 жастағы азаматшасын ұстады, одан зергерлік бұйымдардың үлкен партиясы тәркіленді.
"Ол Қазақстаннан Қытайға жаяу өтпек болған, қол жүгінен жалпы салмағы 400 грамм алтын бұйымдар шыққан. Ұсталған келіншек бұл заттарды “өзімнің және сыйлық ретінде апара жатқан заттарым”, деп түсіндірмек болған.