Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "КамАЗ" автокөлігімен Оралдан Бүгілмеге бет алған Ресей азаматы "Шаған-автокөлік" өткізу бекетінде ұсталды. "Жүк көлігінің кузовынан есірткілік заттарды дайындауда пайдалануға болатын тұз қышқылының өзгеше түрі табылған",- деп хабарлайды шекарашылар.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне жүгінсек, тиісті құжатсыз тасымалданған химиялық заттың жалпы көлемі 7,5 литр болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті