"Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында "Жібек жолы" шекаралық бақылау бөлімшесінде Өзбекстанға жаяу бет алған Қазақстанның азаматы ұсталды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен. Оны тексеру барысында одан 7750,10 мың теңге және 300 мың өзбек сомы көлеміндегі контарабандалық ақша табылған.
Сонымен қатар, қазақстан-ресей шекарасында "Қайрақ авто" блімшесінде Ресейге "Мерседес" көлігімен бет алған Қазақстан азаматы құрықталған. "Тексеру барысында шекарашылар көліктің ішінен 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі декларацияда көрсетілмеген соманы тапқан",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ "Қайрақ теміржолы" пуктінің шекарашылары Астана - Санкт-Петербург бағытындағы поезді тексеру барысында Қазақстанның тағы бір азаматын ұстаған. "Одан тексеруден тығылған 9 мың ресей рублі мен 10 мың АҚШ доллары табылған",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті