Қазақстандық шекарашылар Ресейге жасалған аса ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Петропавловск темір жолы" шекаралық өткізу бекетінде шекарашылар Волгоград пен Улан-Удэ арасында қатынайтын №46 поезде Ресей Федерациясының азаматын ұстады. "Тексеру барысында ұсталғанның жеке заттарының арасынан шекарашылар жасағы 412 мың рубль мен 330 мыңдай теңге тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазақстандық шекарашылар маусымның 12 мен 17 аралығында жалпы алғанда шекара бұзған 356 адамды ұстады, контрабандалық жолмен жүк тасуға бағытталған 78 әрекеттің жолын кесті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті