Қазақстандық шекарашылар ресейлік браконьерлерді ұстады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Каспий теңізі акваториясында 1-сәуірден бастап жауынгерлік кезекшілікке шыққан "Сардар" шекарашылар кораблі Ресей Федерациясының 4 азаматы отырған "Байда" маркалы шағын кемені ұстады.

""Байданы" тексеру кезінде шекарашылар 120 килограмм шамасындағы бекіре тұқымдас балықтарды тапты", - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұсталғандар жағалауға жеткізілді. Қазір Ресей азаматтарының Қазақстан аумақтық суларында заңсыз балық аулау дерегі тексеріліп жатыр.