Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Каспий теңізінің айдынында 6 сәуірден бері жауынгерлік кезекшілікте жүрген "Сардар" шекарашылар кораблі Ресей Федерациясының төрт азаматы мінген шағын кемені ұстады.
"Байда кемесін тексеру барысында шекарашылар бекіре тұқымдас 200 килограмм балық, 8 дана итбалық терісі, 50 метр охан аулары, спутниктік навигациялық құралдарды тәркіледі ", -деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Ұсталғандар Баутино ауылындағы бухтаға жағалауға жеткізілді. Қазір Ресей азаматтарының Қазақстанның аумақтық суларында заңсыз балық аулау дерегі бойынша тексеру жүргізілуде.