Қазақстандық шекарашылар республикаға көкөністер мен қарбызды заңсыз әкелуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында "Қызылтаң" заставасының шекарашылары Қазақстанға жүк көлігімен 6,5 тонна көкөністі заңсыз алып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады. Шекаралық "Ынтымақ" заставасының шекарашылар жасағы да осындай контрабанданың жолын кесті. "Қазақ-өзбек шекарасының сызығына таяу жерде 4 тонна контрабандалық жүк - көкөністер тиелген ГАЗ- 53 маркалы жүк көлігі табылды",- деді шекара қызметіндегілер. Көлік жүргізушісі жасырынып үлгерген.

Сонымен бірге, шекарашылар республикаға қарбыз партиясын алып өтуге тосқауыл қойды. 25 тонна қарбыз тиелген "КамАЗ" көлігі "Қоғалы" заставасының маңында Өзбекстаннан Қазақстанға шекаралық бекетті айналып өтпек болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті