Қазақстандық шекарашылар тәжікстандық 58 заңсыз мигрантты ұстады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Жайсан-темір жол" шекаралық бақылау бөлімінде Ташкент пен Мәскеу арасында қатынайтын №5 отарбада төлқұжаттық тексеру кезінде шекарашылар жасағы тәжікстандық 58 заңсыз мигрантты ұстады. "Шекаралық тексеру кезінде ұсталғандардың біреуінде де көші-қон полициясы бөлімшесінің тіркеу карточкасы болмаған",- деп хабарлайды шекарашылар.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекара тәртібін бұзған 35 адам Ақтөбенің көлік прокуратурасына табысталса, Тәжікстанның тағы 23 азаматы одан әрі тексеру үшін Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімшесіне тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті