Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым авто" шекара бақылау бөлімінде жеңіл автокөлікті тексеру барысында ҚР азаматы қолға түсті. Ол Қазақстаннан Ресейге автокөлікпен бет алған. Көліктің салонынан шекара отряды декларацияда көрсетілмеген 235 мың ресей рублін тауып алды. Сондай ақ, баспасөз қызметінің деректері бойынша, Павлодар облысы "Өрлітөбе авто" бекетінде Қазақстан азаматынан декларацияда көрсетілмеген 100 мың Ресей рублі тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті