""Қайрақ-авто" шекаралық өткізу бекетінің шекарашылары Қазақстаннан Ресейге "Тойота" автокөлігімен өтпек болған Ресей азаматын ұстады", -деп хабарлаған баспасөз қызметінің нақтылауынша, азаматты ұстауға оның декларацияда көрсетілмеген 490 700 АҚШ доллларын алып өтуге жасаған әрекеті себеп болған.
Сонымен бірге, шекарашылардың ақпаратына сәйкес, "Қордай" өткізу бекетінде "Ауди-100" автокөлігімен Қырғызстанға бет алған Қазақстанның екі азаматы ұсталды. "Көлікті тексеру барысында шекарашылар декларацияда көрсетілмеген 4 млн 650 мың теңгені тапты", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, жалпы өткен аптада шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзған 216 адамды ұстап, контрабандалық жүк алып өтуге жасалған 37 деректің жолын кесті.