«Жоспар бойынша, жеткізілген тікұшақтар Қазақстан республикасының мемлекеттік шекарасын күзетпек. Машиналар шекараны күндіз-түні күзету, шекараны бұзғандарды ұстайтын арнайы топтарды тасымалдау мақсатында пайдаланылады», - деп хабарлайды хорлдингтің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, аталған тікұшақтарды «іздеу-құтқару операцияларында да пайдалануға болады».
Ми-171Ш тікұшақтары пилотаж-навигация жүйелерімен және қажетті радио-байланыс жабдықтарымен жабдықталған.