Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін шетелдіктер қай ұлттың өкілі деп ойлайды?

Видео YouTube желісіндегі оның каналында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.

Осы шараға автор Димаш Құдайбергеннің, Қанат Исламның, Санжар Мәдиевтің, Әли Оқаповтың, Ерден Тілемісовтың, Ninety One тобының және басқада жұлдыздардың суреттерін кездейсоқ адамдарға көрсеткен. Егер кімде-кім осы адамдардың біреуін тапқан жағдайда автор - 20 фунт беретінін айтқан. 

Көптеген отандық жұлдыздардың шетелдіктер корей, вьетнамдық, қытайлық немесе жапониялық деп таныды. Актер Берік Айтжановты "мексикалық", "америкалық" және "колумбиялық" деушілер болды. Санжар Мәдиевті "ұлыбританиялық", ал Әли Оқаповты "шотландтық" деді.