Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, фестиваль 2012 жылғы 27 қаңтар - 6 ақпан аралығында өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, «Шуақты күндер» фильмі Локарно қаласында өткен Халықаралық Premio Boccalino кинофестивалінде тәуелсіз журналистер мен киносыншылардың арнайы жүлдесіне ие болған. Сонымен қатар бұл картина үшін Нариман Төребаев VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде үздік режиссура номинациясында үздік деп танылған болатын.