Қазақстандық спортшы Канадада рекорд орнатты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандық Алина Дауранова конькимен сырғанаудан әлем чемпионатында 1000 метрге жүгіру кезінде жеке рекорд орнатты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

"Спортшы 1000 метр қашықтықты 1 минут 15,24 секундта жүріп өткен. Бұл оған соңғы 13-орынға және жерлестері арасында үздік атануға мүмкіндік берді. Екатерина Айдова 14-ші (1:15.29), Инесса Шүмекова – 24-ші (1:18.57) орында", - деп жазылған материалда.

Канаданың Калгари қаласындағы жарыс 18 ақпанда аяқталады. Турнирде тартысқа түсетін төрт медаль жиынтығы қалды. Қазақстандықтардың ішінен Айдова ғана жарысқа шығып, жексенбі күні 1500 метр қашықтықта бақ сынайды.